Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді

7 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты деп хабарлады turkystan.kz.   Қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала. Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.