Солтүстік Қазақстанда 800 пәтер қолданысқа берілді

Солтүстік Қазақстанда 800 пәтер қолданысқа берілді

Солтүстік Қазақстанда 800 пәтер қолданысқа берілді
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысының күн тәртiбiне бiрқатар мәселелер шығарылды. Үстiмiздегi жылдың 11 айы бойынша әлеуметтiк- экономикалық даму қорытындылары туралы статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржаупова баяндады. «Жедел статистикалық ақпараттар бойынша 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында азық-түлiк өндiрiсi 6,3 %-ға өстi, оның iшiнде ұн шығару 38,3%-ға, сақтау мерзiмi ұзақ кондитерлiк өнiмдер 15,5%-ға, сүт өнiмдерi 4,7%-ға, малға арналған жем-азық 10,4%-ға артты. Химия өнеркәсiбi өнiмдерiнiң өндiрiсi 53,3%-ға, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң өндiрiсi - 17,2%-ға артқан», - дедi Марал Нұржаупова.
Облыс бойынша өндiрiс көлемiнiң өсiм қарқыны Айыртау, Ақжар, Шал ақын және Қызылжар аудандарында байқалады. «Құрылыс жұмыстары жалпы 472 млрд теңгеге немесе 91,1 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы жалпы көлемі 96,6 шаршы метр болатын 763 пәтер пайдалануға берілді», - деді М. Нұржаупова. Облыс әкiмi аудан басшыларына өсiм көрсеткiштерi мүмкiн болатын бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, аппараттық кеңесте облыс бюджетiнiң орындалу мәселесi қарастырылды.
Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Данияр Жаналиновтың айтуынша, 15 желтоқсанға дейiн облыстың жергiлiктi бюджетiне 32 935,8 млн. теңге жеке кiрiс, облыстық бюджетке - 15 001, 2 млн. теңге. Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Наталья Дышкант 2017 жылға арналған мемлекеттiк сатып алулар жоспары туралы баяндады.