Сауд Арабиясында қажылық басталды

Сауд Арабиясында қажылық басталды

Сауд Арабиясында қажылық басталды
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына бүгін миллионнан астам адам қажылық жасау үшін жиналды деп хабарлады turkystan.kz. AlJazeera-ға сілтеме жасап. 2020 және 2021 жылдары корольдік билігі коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа келушілер санына шектеу қойған еді. Сондықтан биыл адам көп жиналды. Алайда, қажылыққа барғандар пандемияға дейінгі деңгейге жетпей тұр. Себебі 2019 жылы қажылыққа келушілер 2,5 млн адамды құраған болатын. Биыл Сауд Арабиясы 1 миллион қажылыққа квота белгіледі. Сонымен қатар қажылыққа келушілерге жасы 65-тен аспауы керек және COVID-19-ға қарсы екпе сертификаты болуы тиіс деген талап қойды.