Жаңалықтар

Алматылықтарға «арзан» пәтер сатқан алаяқтар ұсталды

ашық дереккөзі

Алматылықтарға «арзан» пәтер сатқан алаяқтар ұсталды

Алматылықтарды алдаған екі алаяқ ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полицияға алаяқтық жайында қаланың бірнеше тұрғыны хабарласқан. Барлығының оқиғасы бірдей. Пәтерді сатып алу кезінде «сатушы» ақшаны алып, із-түзсіз кеткен. 55 жастағы азамат пен 40 жастағы әйел ипотекада тұрған пәтерлері бар екендігін және тез арада арзандатылған бағамен сатылып жатқаны туралы ақпарат таратқан. Алаяқтар пәтерді «сатқаннан» кейін ақшасын алып, байланыссыз кеткен. «Криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта Полиция басқармасына 7 жәбірленушінің арызы түскен. Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. Қазіргі уақытта қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.