ҰБТ-да 139 балл жинаған екі талапкердің нәтижесі жойылды – Емелбаев

ҰБТ-да 139 балл жинаған екі талапкердің нәтижесі жойылды – Емелбаев

ҰБТ-да 139 балл жинаған екі талапкердің нәтижесі жойылды – Емелбаев
ашық дереккөзі
Биыл ҰБТ кезінде 139 балл алған үш талапкердің екеуінің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ОКҚ брифингінде айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, үшінші талапкердің де тест қорытындысы тексеріліп жатыр.
«Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. «Қазақстан бойынша 3 талапкер ең жоғары 139 балл жинады. Бірақ, өкінішке қарай, екі талапкердің осы 139 балға академиялық адалдықты сақтамай, ереже бұзу арқылы жеткені анықталып, ҰБТ нәтижелері жойылды. Қазіргі таңда үшінші талапкердің нәтижелері де тексеріліп жатыр», - деді Емелбаев.
Сондай-ақ ол талапкерлердің оқуға түсу мүмкіндігі туралы да мәлімет берді.
«ҰБТ толық аяқталғаннан кейін постпрокторинг жүргізіліп, тестілеу нәтижелері тексеріледі. Былтыр 52 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылған болатын. Оның ішінде 38-і мемлекеттік грант иегері еді. Талапкердің ҰБТ кезінде алған нәтижесі жойылған жағдайда қаңтарда немесе наурыз айында тапсырған тест қорытындысының негізінде ақылы оқуына болады», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.
Тағы оқи отырыңыз: Биыл қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды көп таңдады?