Биыл қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды көп таңдады?

7 шілде, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Биыл қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды көп таңдады? Қазақстандық мектеп түлектері арасында ең сұранысқа ие мамандықтар аталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Техникалық мамандықтардың ішіндегі ең беделді мамандық – ақпараттық технологиялар (IT). Екінші орында химия және биология, талапкерлердің 18 пайызы осы пәндерге қатысты мамандықтарды таңдайды. Стоматология үшін өте жоғары бәсекелестік бар. Одан кейін педагогикалық мамандықтар сұранысқа ие», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.