Жаңалықтар

Депутаттар ел ішінде болады

Депутаттар ел ішінде болады

Демек, депутаттардың демалысы басталды. Екін­ші сессия несімен есте қалды? Қос палата биыл қан­дай мәселелер көтерді, қандай заң жобалары әзір­ленді? Халық қалаулыларының жоспары қандай екенін білмекке «AMANAT» фракциясының депутат­та­рына хабарласып көрдік. Олардың сөзіне қараған­да, биыл негізгі күш партияның жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының жұмысына жұмыл­дырыл­мақ.

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов па­латалардың атқарған жұмысының нәти­жесін сандармен дәйектеді. Оның мәлім­демесіне сүйенсек, екінші сессия кезінде пала­талардың бірлескен 4 отырысы өткен. Одан бөлек, Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралыпты. Ал Сенат­тың 42 жалпы отырысында 148 мәселе көтерілген. Жалпы, қос палатадағы 127 заң жоба­сы­ның 78-і қабылданды. Қазір осы Парла­мент қабылдаған заңдардың 66-сына Пре­зидент қол қойып, күшіне енген екен. Со­нымен қатар депутаттардың бастама­сымен 27 заң жобасы әзірленіпті. Қазір олар­дың 19-ы қабылданды, тағы 8 заң жо­басы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, депу­таттар бастамашы болған заңдардың бір­қатары Мемлекет басшысының тап­сыр­маларын орындауға бағытталған. Со­лар­дың ішінде «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», Қар­жы пирамидаларының қызметіне қар­сы іс-қимыл мәселелері жөніндегі, «Қа­зақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңдар қабылданды. Ерекше күтімді қажет ететін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мә­селелері жөнінде де заң мақұлданды. Со­ның нәтижесінде 13 мыңға жуық ата-ана ба­лалары ем алған кезде шығатын шы­ғындардың 70 пайызына өтемақы ала ала­тын болды. Cонымен қатар Ерлан Қоша­нов Парламент Баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша құжат қабылданғанын айтты. Оған қоса, екінші сессия кезінде Пар­ламент елдің сыртқы саясаттағы басым мін­деттерін іске асыруды бекітетін, шет­елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 27 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келі­сім ратификацияланған. Сессия бары­сында Парламент депутаттары 13 ха­лық­аралық парламенттік ұйым шеңберінде бел­сенді жұмыс істеді, 360 халықаралық іс-шараға қатысты және шетелдің 24 пар­ламентімен ынтымақтастықты жүзеге асырды. Мәжіліс Төрағасы өткен сессияда де­пу­таттық сауалдармен де көптеген мәселе кө­терілгенін айтты. Жалпы, Парламент депу­таттары сессия кезінде Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың атына 494 депутаттық сауал жолдапты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын да­мыту, «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» және «Қазақстанның су саласын да­мыту перспективалары» тақырыбына арналған 3 парламенттік тыңдау өткізілген. Мемлекет басшысы қоғам талқы­лау­ларын әлеуметтік желілер мен қала алаң­дарынан Парламент қабырғасына әкелу қажет екенін айтқан болатын. Осы мақ­сатта Мәжілістің жанынан Қоғамдық пала­та құрылған. Оның құрамына қоғам бел­сенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен аза­маттық сектор өкілдері кірді. Сонымен қа­тар азаматтардың талап-тілектеріне же­дел ден қою үшін Мәжілістің Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. Бұған қоса, Сенатта «Ұлттық мүдде» диа­лог алаңы жұмысын бастаған болатын. Бірнеше министрлік пен ведомствоның қатысуымен 14 Үкімет сағаты өткен. Келесі Парламент сессиясында пала­талардың жұмысы конституциялық рефор­маларды іске асыруға бағытталатынын айт­қан Мәжіліс Спикері депутаттардың ал­дында 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдау міндеті тұрғанын айтты. Соның ішінде басты-басты деген маңызды заңдар жыл соңына дейін қабылдануы керек. Сессия кезінде депутаттар өңірлерге 8 рет барып, халықпен 7 200-ге жуық кездесу өт­кізген екен. Демалыс кезінде олардың аймақтарға сапары жалғаспақ. Халық қалаулыларының демалыс кезіндегі басқа да жоспарларын білмек мақсатта хабар­ласып көрген едік. Еділ ЖАҢБЫРШИН, Мәжіліс депутаты: Бұрын бармаған барлық елді мекенді қамтуға тырысамыз

Ерлан САЙЫРОВ,Мәжіліс депутаты:Шекарадағы аудандардың әлеуметтік-экономика­лық ахуалын тағы бір зерделеймізЖанарбек ӘШІМЖАН,Мәжіліс депутаты:Алдымызда 5 миллион гектар жерді халыққа қайтару міндеті тұрЕлнұр БЕЙСЕМБАЕВ, Мәжіліс депутаты:Сонымен, депутаттар өздері сайлаған өңірдің халқымен кездесіп, мәселелерін тыңдап, оң шешілуіне атсалысатындарын айтады. Аймақтардағы шешілмей жатқан негізгі мәселелер де бірдей. Халық қалаулылары жоспарларын орындап, жаңа міндет арқалап, қыркүйекте жаңа тыныс, жаңа қарқынмен жұмыстарын жалғастырады деген сенімдеміз.