Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің билеттері 24 желтоқсанда сатыла бастайды

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің билеттері 24 желтоқсанда сатыла бастайды

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің билеттері 24 желтоқсанда сатыла бастайды
ашық дереккөзі
WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA «тұрақты» чемпионы белбеуінің иегері, сол салмақтағы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) айқасына билеттердің сатылымға шығатын күні жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.
18 наурыз сенбі күні кешке өтетін боксқа билеттер сатылымы 24 желтоқсан күні басталады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның ең төменгі бағасы 100 долларды құрайды. Ал қымбат билет құны 1 000 долларға жетеді. Билеттерді Madison Square Garden кассаларында, сондай-ақ Ticketmaster.com сайтында сатып алуға болады.
Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы тікелей көрсетілім (PPV) арқылы көрермендердің назарына ұсынады. Көрермен тікелей көрсетілім үшін 54,95 доллар төлеуі қажет. Айта кетейік, Madison Square Garden 17-18 мың адамға арналған. Бокс болған уақытта аренаға 20 мыңға дейін адам сыяды.Қос салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы болған америкалық Кори Спинкс өзінің отандасы Дэниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Голвкинге қарсы жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігін бағалап көрді. Оның сөзінше, Головкин Джейкобс үшін тым мықты. Дегенмен, егер америкалық жекпе-жекті еш қатесіз өткізсе, жеңуге мүмкіндігі бар. "Мен Дэнниге қарсы ештеңе айтқым келмейді, бірақ ол Головкинды жеңе алмайды. Егер Дэнни Головкинның соққысына шыдай алса, оны жеңуге болады. Кез келген адамды жеңуге болады. Джейкобс ол құбыжықтан аулақ жүріп, ара қашықтығын сақта. Онымен жақын қашықтықта қулық жасау керек. Қателіксіз, мінсіз жекпе-жек өткізу керек", - деді Спинкс Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында. Еске салайық, Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өтеді және HBO арнасынан көрсетіледі. Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/alemnn-eks-chempionyi-djeykobske-golovkin-siyaktyi-275631/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.