«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 270 мың теңге алған. Бірақ құжатты бермеген және ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Оның айтуынша, жәбірленушіден алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.