Теңіз кен орнында жұмысшы өзіне қол жұмсады

Теңіз кен орнында жұмысшы өзіне қол жұмсады

Теңіз кен орнында жұмысшы өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында мердігер компанияда еңбек ететін жұмысшы өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz. 5 шілдеде Теңіз Шевройл компаниясының мердігері «Сенімді құрылыс» мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып, компанияға хабар берген.
 «Сенімді құрылыс» мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді», – деді ТШО баспасөз қызметі.
Атырау облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Бұл мәселе бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.