Қызылордада ірі бұршақ жауды

Қызылордада ірі бұршақ жауды

Қызылордада ірі бұршақ жауды
ашық дереккөзі

Қызылорда облысының бір бөлігінде ірі бұршақ жауды деп хабарлады turkystan.kz.

Шілде айының басындағы табиғаттың мұндай түсініксіз құбылысы тұрғындарды уайымдатты. Әзірге жауған ірі бұршақтан зардап шеккендер жоқ. Алайда кей тұрғындар бұршақ үйлерінің есік-терезелерін зақымдағанын айтады. Сондай-ақ Төтенше жағдай департаментіндегілер бүгін қатты желден Жалағаштағы екі қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткенін мәлімдеді. “Жалағаш-Бұқарбай батыр тас жолы бойында жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр сымын үзгені жөнінде хабарлама түсті. Қазір ол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр”, — деді ТЖД баспасөз қызметі.