Еуропада коронавирус жұқтырушылар саны күрт өсті

Еуропада коронавирус жұқтырушылар саны күрт өсті

Еуропада коронавирус жұқтырушылар саны күрт өсті
ашық дереккөзі
Францияда коронавирусқа шалдыққандар саны артты. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы кездері күніне 200 мың адам вирус жұқтырды деп хабарлады turkystan.kz. Елдегі дәріханалар тест тапсырғысы келетін адамдардың ағынына төтеп бере алмай жатыр. Француз билігі, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде маска тағудың маңыздылығын тағы да еске салды. Германияда да дабыл қағылды. Тест нәтижелері бойынша инфекция жұқтырғандар саны күніне 150 мыңға дейін өскен. Бұл – Ұлыбританияда тіркелген көрсеткіштен сәл төмендеу. Онда 154 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған болатын. Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 132 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Ауруға шалдығушылар санының артуы еуропалықтардың жазғы демалысы мен жоспарлаған саяхаттарына кедергі келтіріп тұр.