Елорда тұрғындарының саны 4 есе өсті

Елорда тұрғындарының саны 4 есе өсті

Елорда тұрғындарының саны 4 есе өсті
ашық дереккөзі
Биыл - елордамызға 24 жыл. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны 4 есе өсті деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Мәліметке сәйкес, 1998 жылы ел астанасы атанған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған. Содан бері елорда тұрғындарының саны 4 есеге жуық өсіп, қазір 1 млн 262 мың адамға жетті. Астанада әйелдердің саны басым.
«Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%). 1998 жылы елордада 3 400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған, осылайша туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) дейін өсті. 1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеген. Қазір олардың саны – 147. Ал, аурухана ұйымдарының саны 15-тен 45-ке дейін артты», - делінген хабарламада.