Теңіз кен орнында жарылыс болды

Теңіз кен орнында жарылыс болды

Теңіз кен орнында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жарылыс болды. Салдарынан екі жұмысшы қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Жарылыс құбырды сынақтан өткізу кезінде болған. Болжам бойынша, құбыр қысымға төтеп бере алмаған, деп түсіндірді Полиция департаменті. «6 шілде сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында құбыр жарылды. Салдарынан 1985 жылғы екі жұмысшы мерт болды. Түрлі жарақат алған үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы бойынша (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) тергеу басталды.