Әдемі селфи үшін елордалық жігіт көпірдің аркасына шыққан (ВИДЕО)

Әдемі селфи үшін елордалық жігіт көпірдің аркасына шыққан (ВИДЕО)

Әдемі селфи үшін елордалық жігіт көпірдің аркасына шыққан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бесінші шілде күні 19 жастағы жігіт селфи жасау үшін Нұр-Сұлтандағы көпірдің аркасына шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде тарады. Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 шілде күні «102» арнасына елорда тұрғындарынан Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің аркасына бір адам шығып кеткені туралы қоңырау келіп түскен.
«Оқиға орнына дереу полиция жасағы келді. Ерекше фото түсірмек болған 19 жастағы әуесқой полицияға жеткізілді. Тәртіп бұзушы мұндай әрекетке елорда көрінісімен суретке түсу үшін барғанын айтты», - делінген хабарламада.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОБЪЯВЛЕНИЯ НОВОСТИ КАРАГАНДА (@vsya_karaganda)