Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Журналист Махамбет Абжан екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, журналист, блогер Махамбет Абжан екі айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетсек, ол кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікке ілініп, 5 шілдеде қалалық сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қолданды.

Бұлтартпау шарасын таңдау соты бес сағаттан астам уақытқа созылды.

Еске салсақ, 3 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button