Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жарылыс болды
Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында труба жарылып, екі адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 6 шілде күні жергілікті уақытпен 09:55 шамасында болған. Жарылыстың салдарынан 1985 жылғы екі жұмысшы қайтыс болды. Үш адам түрлі дене жарақатын алып, медицина қызметкерлеріне жүгінді.
Атырау облысы Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлімімен тергеу амалдарын бастады.