ОПЕК-тің бас хатшысы қайтыс болды

ОПЕК-тің бас хатшысы қайтыс болды

ОПЕК-тің бас хатшысы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Мұхаммед Сануси Баркиндо 63 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Twitter-де Нигерия ұлттық мұнай корпорациясының (NNPC) басшысы Маллам Меле Чиари айтты.
«Ол кеше сағат 23 шамасында қайтыс болды. Бұл оның бүкіл отбасы үшін, NNPC, ОПЕК және жаһандық энергетикалық қоғамдастық үшін үлкен қайғы», — деп атап өтті Чиари.
Айта кетсек, Баркиндо 2016 жылдың тамыз айынан бастап ОПЕК-тің бас хатшысы болды. Сонымен қатар 15 жыл бойы ол Нигериядан ОПЕК экономикалық комиссиясының мүшесі болған және NNPC-де 23 жыл жұмыс істеді.