Отандық ет өнімін өңдеушілер Өзбекстанға экспортты ұлғайтады
Отандық ет өнімін өңдеушілер Өзбекстанға экспортты ұлғайтады
Қазақстанның 19 мал шаруашылығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды. Тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің Ташкентке сапары барысында қол жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz ведомство сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы 4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасында Түркі агро-форумы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі өтіп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды аспектілері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниеттерін пысықтады.