Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Құрбан айт» қалай атап өтіледі?

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда «Құрбан айт» қалай атап өтіледі?

Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде «Айт намазы» оқылады. Бұл туралы қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов онлайн брифингте мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.  9 шілде күні қала мешіттерінде «Айт намазы» оқылады. Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ мұны «QURBAN2022.kz» Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының сайты арқылы да онлайн жасауға болады. Мал сою үшін мына орындар белгіленді: Байқоңыр ауданы бойынша: 1. «Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының арт жағы); 2. «Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» базарының арт жағы); 3. «Шопан ата» базары, («Рубиком» және Әмір базарының ортасы); 4. «Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат. 5. «Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тас жолы, 136 Б; 6. «Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а. Сарыарқа ауданы бойынша: 1. «Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).