Балаларға тегін саяхаттауға болатын жоба іске қосылды

Балаларға тегін саяхаттауға болатын жоба іске қосылды

Балаларға тегін саяхаттауға болатын жоба іске қосылды
ашық дереккөзі
Биыл елімізде Kids Go Free жобасы іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Turkystan Астана ақшамына сілтеме жасап хабарлады.
– Kids Go Free биыл қаңтарда іске қосылды. Қазір көптеген туристік компания аталған бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Басты шарт - жасөспірім кәмелет жасына толмаған болуы керек. Яғни отбасылық туристік жолдама сатып алған кезде балалары тегін ұша алады. Оның ақысын туристік компания көтереді, – деді Ержан Еркінбаев.
Оның айтуынша, биылғы жоспарға сәйкес, 15 мың балаға дейін Kids Go Free жобасының мүмкіндігін пайдалана алады.
– Осы күнге дейін 300 бала тегін ұшты. Тағы 700 бала жолдама алды, олар енді саяхаттайды. Жиі сұранысқа ие аймақтар – Алматы, Түркістан және Маңғыстау. Егер жобаны қолданушылар саны біздің жоспардан асып кетсе, онда қосымша қаржы сұрайтын боламыз, – дейді ол.
Kids Go Free жобасы қалай жұмыс істейтіні туралы Kazakh Tourism АҚ ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлы түсінік жасаған еді.
– Kids Go Free жобасының атауына қарап көбісі шатастырып жатады. Яғни, атауында «бала» сөзі болғандықтан, тек қана балаларға арналған деп ойлайды. Ал, негізінде Kids Go Free – отбасылық туризмді дамытуға арналған бағдарлама. Аталған жоба тікелей балаларға қатысты. Дегенмен, олар саясаттағанда қасында ата-анасы, бауыры немесе басқа да жақын адамдар болады. Kids Go Free-ге қатысты екінші жайт, бұл бағдарламаны саяхаттау турын салалық фирма немесе туристік операторлардан сатып алғанда ғана қолдануға болады. Демек, отбасы өздігінен саяхаттап жүрсе, бұл мүмкіндікті қолдана алмайды. Міндетті түрде тур сатып алуы тиіс, – деді ол.