Маңғыстауда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Маңғыстауда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Маңғыстауда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді
ашық дереккөзі
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында Айым, Гүлім және Нұрым есімді үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz.       
 «Енем – егіздің сыңары. Дегенмен, бізде үшем болады деп ойламаған едік. Өзіміз де таң қалдық. Табиғи жолмен, жасанды емес. Үшемдерге дейін үш баламыз бар. Дәрігерлердің кеңесімен кесарь тілігі арқылы босануды жоспарлап, ота сәтті өтті. Перзентхана қызметкерлеріне көп рахмет айтамын», – деді Амангүл Тасибекова.
Бұл – Ақтаудағы «Ана мен бала» орталығында жыл басынан бері дүниеге келген екінші үшем.
 «Өмірге келген бір ұл мен екі қыздың салмағы: 2 кг 286 г, 2 кг 280 г және 1 кг 880 г болды. Сәбилерге де, анасына да қажетті күтім жасалды. Қазір бөбектердің жағдайы жақсы», – деді орталық директоры Жапырақ Епенова.
Айта кетсек, биыл облыстық перзентханада 4 319 нәресте өмірге келген. Оның 85-і егіз болса, екеуі – үшем.