Алматыда Астана күні қалай тойланады?

Алматыда Астана күні қалай тойланады?

Алматыда Астана күні қалай тойланады?
ашық дереккөзі
Астана күніне орай Алматының түрлі аудандарында концерттер мен бұқаралық ойын-сауық іс-шаралары өтеді деп хабарлады turkystan.kz.         Қалалық әкімідіктің мәліметінше, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 12.00-де қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер келесі орындарда өтеді: 12.00 – Түрксіб ауданында – Сауранбаев және Спартак көшелерінің қиылысында; 15.00 – Сейфуллин көшесіндегі Mega Park сауда-ойын-сауық орталығының жанында; 18.00 – Шұғыла, 347 мекенжайдағы Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы алаңда. Сағат 20.00-де Республика сарайының жанындағы Абай алаңында «101» тобы, Парвиз Назаров, «Кешью» тобы, «Үркер» тобы, Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және т.б. эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астында үлкен концерт өтеді.