Жаңбыр мен жел: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр мен жел: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр мен жел: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылда ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.          6 шілдеде түнде Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың  солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда  шілдеде жаңбыр, түнде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде,орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде,  батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Абай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан,  батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Ұлытау облысының батысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай күтіледі.