Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты

Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты

Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты
ашық дереккөзі
5 шілдеде әлемде коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 555 339 003-ке жетті деп хабарлады turkystan.kz.         Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 392 985 адамға өсті. Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 362 674 адамды құрайды, сонымен қатар бүгін 525 өлім дерегі тіркелді», – деді ведомство өкілдері. 5 шілдедегі жағдай бойынша 530 103 542 адам вирустан толық сауығып шықты.