Андрей Карловпен қоштасу рәсімі Анкарада өтті

Андрей Карловпен қоштасу рәсімі Анкарада өтті

Андрей Карловпен қоштасу рәсімі Анкарада өтті
ашық дереккөзі

Андрей Карлов Ресей мен Түркия достығының символына айналды. Бұл туралы Түркияның вице-премьері Тугрул Тюркеш Анкараның халықаралық әуежайында өткен осы елдегі РФ Елшісі Андрей Карловпен  қоштасу рәсімінде айтты, деп хабарлады Anadolu агенттігі.

«Бұл қылмысты ұйымдастырған адамдар Карловты өлтірген жоқ. Олар оның атын тарихта қалдырды», - деді Тюркеш.

Оның айтуынша, Андрей Карлов Анкарада болған жылдары екі мемлекет арасында қиын кезеңдер өткен.

«Карлов Түркияда Елші болып жүрген кездері ресей-түрік қарым-қатынасы өте үлкен сынақтардан өтті. Бірақ біз екі елдің басшыларының арқасында олардың барлығынан өттік. Бұған Карловтың да сіңірген еңбегі бар», деді Тюркеш.

Вице-премьер Анкарада болған жағдайды Ресей мен Түркия қатынасына сызат түсіргісі келгендердің ісі деп бағалады. Ал Түркияның Сыртқы істер министрлігі бұл қылмысты тергеу жұмыстары жан-жақты жүргізілетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қастандық жасалып, ол ауыр жарақаттан қаза тапқан болатын.