Алматыда 5 алаяқтық іске қатысы бар әйел ұсталды

Алматыда 5 алаяқтық іске қатысы бар әйел ұсталды

Алматыда 5 алаяқтық іске қатысы бар әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Бойжеткен өзін банктің қызметкері ретінде таныстырып келген. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.         Полиция қызметкерлері Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты 5 алаяқтық дерегін дәлелдеді. "ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 29 жастағы А.есімді азаматша ұсталды. Күдіктіге қатысты тергеу ауданаралық соты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу барысында бойжеткеннің өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарға кепілсіз, төмен пайызбен несие алуға көмектесуге уәде бергендігі анықталды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. Әйел қызметі үшін 120-дан 170 мың теңгеге дейін сұраған.  Ұсталған азаматшаның бұрында заңмен мәселелері болған, ол осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған.  Полицейлер осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккендерді, полицияға мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8-707-447-07-50;  8-747-699-70-02.