Еліміздің оқушылары Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

Еліміздің оқушылары Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

Еліміздің оқушылары Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасында (JBMO) қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz.         Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Зияткерлік сайыстар 28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында офлайн форматта өтті. Биыл олимпиадаға әлемнің 19 елінен 81 оқушы қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.