Ер балаға қойылатын ерекше есімдер

Ер балаға қойылатын ерекше есімдер

Ер балаға қойылатын ерекше есімдер
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде, көпшілік ортада болсын жаңадан туған баласына есім іздеп, қандай есімді қойған дұрыс деп сабылып кететіндер бар. Turkystan.kz редакциясы сіздерге ер балаға арналған есімдерді және олардың мағынасын ұсынады. АБАТ Иран және араб тілдерінен алынған.
  • Абад. Шөбің қалың, көкорай.
  • Халық орналасқан, қоныстанған қала.
  • Мәңгілік жойылмайтын.
  • Бай, берекелі
АБЫЛ Араб тілінен алынған әбіл – ата, әке. АБЫЛҒАЗЫ Араб тілінен алынған. Жауынгер, әскер деген мағынаны білдіреді. АҒЫН Ағыны қатты лек, екпін. АЙӘДІЛ Қазақ тілінен алынған ай+араб тілінен алынған – әділ. Әділ, адал, шыншыл. АЙБЕРГЕН Тағдырдың сыйлығы. АЙСҮГІР Қазақтың ай және сүгір – әскер, жауынгер сөздерінен туындаған көне есім. АҚАН Иран тілінен алынған аһен – темір. АЛПАР Алп – батыр, ар – ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі. АППАС Араб тілінен – сұсты, қатал, батыл, ержүрек. АРШАТ Араб тілінен – адал, таза, батыл, қайырымды. АРЫНҒАЗЫ Қазақ тілінен алынған арын, араб тілінен алынған ғазы – әскер, жауынгер, батыл. АСТАЙ Монғол тілінен – бақытты. АУХАДИ Араб тілінен – бірінші, жалғыз. АХАТ Араб тілінен – жалғыз, жалқы. АХМАР Араб тілінен – қызыл. АХМЕДИЯР Араб тілінен – мақтауға лайық ер. ӘБДІ Араб тілінен алынған ғабд – мәңгі, шексіз; Алланың құлы. ӘБДІҒАЗИЗ Араб тілінен алынған ғабд+ғазиз – қадірлі, қымбатты. ӘБДІКЕЙ Иран тілінен алынған ғәбдкей – батыр құл, құл патша. ӘБДІРАШИД Араб тілінен алынған рашид – саналы, ақылды, парасатты. ӘБЕН Араб тілінен – ұл. ӘБУ Араб тілінен алынған абу – әке. ӘБІЛҚАН Қазақ тілінде хан – әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді. ӘДИ Араб тілінен алынған ады – басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы. ӘЛИ Араб тілінен алынған ғали – биік, аса зор, заңғар. ӘЛИФ Араб тілінен алынған алиф
  • Араб әліппесіндегі бірінші әріп;
  • Қолға ілінген;
  • Дос, жора-жолдас.
ӘНЕС Араб тілінен алынған – дос.

Жалғасы бар...