Жаңалықтар

ТЖД лауазымды қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

ашық дереккөзі

ТЖД лауазымды қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Антикоррупциялық қызметі Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», - делінген агенттіктің хабарламасында. Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.