Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы қалай төленеді?

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы қалай төленеді?

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы қалай төленеді?
ашық дереккөзі
Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекеттің әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем беріліп келеді. Ол үшін азамат не істеу қажет? Turkystan.kz тілшісі жәрдемақыны қалай алуға болатыны жөнінде нұсқаулық әзірледі.  width= Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.  width= Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.  width= Естеріңізге сала кетсек, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған. Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. Бұл жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасауға болады.