Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді
ашық дереккөзі
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Өткен жылы 19 қарашада Білім және Еңбек министрліктерінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Биылғы оқу жылына мұғалімдерді қабылдау осы жаңартылған бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады. Педагогтарды жұмысқа қабылдаудың негізгі мақсаты – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету. Сонымен қатар оқу жүктемесін бөлу барысында заңсыздықтарды болдырмау және педагогикалық бекітілген жүктемен қамтамасыз ету», – деді министр.
Министрдің сөзінше, бос жұмыс орны шыққан кезде әрбір жұмыс беруші, яғни, мектеп директоры жұмыс орнының босағанын хабарлауы керек. Ол бес күннің ішінде еңбек жағдайлары мен жалақысын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орнына ақпарат беруі тиіс. Мәліметтер жазбаша немесе электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталында беріледі.
«Бұл ретте Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғанын естеріңізге салғым келеді. Сондықтан босаған барлық орынға қатысты ақпаратты мектеп, басқа білім мекемелерінің басшылары уақтылы ұсынуы тиіс»,  – деді Шолпан Каринова.