Отбасы туралы мәліметтерді енді eGov mobile арқылы түзетуге болады

Отбасы туралы мәліметтерді енді eGov mobile арқылы түзетуге болады

Отбасы туралы мәліметтерді енді eGov mobile арқылы түзетуге болады
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында құжаттардағы мәліметтерді түзете алады деп хабарлады turkystan.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жаңа қызмет некеге тұру және бұзу, бала туу, асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
«Мысалы, балалардың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде бала туралы деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні, анасы мен әкесі туралы деректер) ұсынылған бөлімдерде жазба дұрыс көрсетілмеген жағдайда, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік бар», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ұқсас сервис eGov.kz порталында қолжетімді. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 83 мыңнан астам адам өз деректерін өзектендірген.
«Қазақстандықтарда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде отбасы туралы қате мәліметтер анықталуы мүмкін. Мәселен, бала көрсетілмейді немесе, керісінше, бөтен баланың ақпараты пайда болады. Мұндай жағдайларда АХАЖ ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру қажет. Өзгертулерді мекемеге бармай-ақ eGov.kz арқылы енгізуге болады. Енді бұл сервис eGov mobile мобильдік қосымшасында да қолжетімді»,- деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Аталмыш функцияларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. - «қызметтер» түймесін таңдайсыз; - қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» - АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын табыңыз; -акт жазбасының түрін таңдаңыз; -«іздеу» түймесін басыңыз; -егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет); -әрі қарай қызметке қол қою керек. АХАЖ ақпараттық жүйесінің мәліметтерін жаңартқаннан кейін мәртебе бетінде тиісті ақпарат пайда болады.