«Алматыда үшінші вокзалдың құрылысын бастаймыз» – Досаев

«Алматыда үшінші вокзалдың құрылысын бастаймыз» – Досаев

«Алматыда үшінші вокзалдың құрылысын бастаймыз» – Досаев
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалада Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысы басталатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында мәлім болды.
«Қала маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін біз қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін электр пойызын іске қосамыз. Сондай-ақ Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысын бастаймыз», - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, ол 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтілетінін жеткізді.
«Қала мен Алматы облысы арасында күнделікті қоғамдық көлікте жол жүру 2025 жылға қарай қазіргі 400 мыңнан 500 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 600 мыңға дейін ұлғаюы тиіс. Алматы агломерациясында қоғамдық көлікті дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылады», - деді Досаев.