Мүлікті жария етудің соңғы күні таяу

Мүлікті жария етудің соңғы күні таяу

Мүлікті жария етудің соңғы күні таяу
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүлікті және қаражатты заңдастыру акциясы 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Науқан 31 желтоқсан күні тоқтағанымен, жария етілетін мүлік пен ақшаның құжаттары 23 желтоқсанға дейін тапсырылуы керек. "ҚР Қаржы министрлігі мүлікті заңдастыру акциясы 31 желтоқсан күні аяқталатынын еске салады. Бірақ,  мемлекеттік кірістер органдарына декларация тапсыру уақыты заңдастыру мерзімі аяқталмай тұрып, бес күн бұрын тапсырылуы керек. Яғни, мүлік пен ақшаны заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны 23 желтоқсаннан кешіктірмей тапсыру қажет", деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, Қазақстанда мүлікті және ақшаны жария ету акциясы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды.