Жаңалықтар

Елордада бокстан І халықаралық турнир аяқталды

ашық дереккөзі

Елордада бокстан І халықаралық турнир аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп қала күніне орай  ұйымдастырған бокстан I халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат  Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев және 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, елімізге белгілі қазақ боксшысы  Болат Жұмаділов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.