Шымкент зауытында жарылыс салдарынан жұмысшы қаза болды

Шымкент зауытында жарылыс салдарынан жұмысшы қаза болды

Шымкент зауытында жарылыс салдарынан жұмысшы қаза болды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында зауытта болған жарылыс салдарынан жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «ОҚО ТЖД-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында мотор майларын өндіретін «Хилл корпорейшн» ЖШС-ның зауытында жарылыс болды. Салдарынан құю стансысының 1991 жылы туған операторы оқиға орнында мерт болды. 1985 жылы туған тағы бір оператордың 80 пайыз денесін күйік шалды, ол Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Осы орталыққа сондай-ақ 1967 жылы туған КамАЗ жүргізушісі жеткізілді. Жарылыстан кейін бірден өрт басталды. Арнайы көліктер оқиға орнына 20:30-да жетіп, жалынды 10 минуттың ішінде ауыздықтады. Өрт пен жарылыстың себебі анықталуда.