Ерлан Ыдырысов Анкарада жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Ерлан Ыдырысов Анкарада жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Ерлан Ыдырысов Анкарада жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Анкарада болған жағдайда қатысты көңіл айтамын. Бұл арандату Ресей мен Түркия мемлекеттерінің қарым-қатынасы әсер етпейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов шетелдік елшілермен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 «Анкарада болған қайғылы оқиғаға көңіл айтамын. Бұл қатал, өте қорқынышты акт. Біздің министрлік бұл қайғылы теракт бойынша мәлімдеме жасады. Бұл арандату Ресей мен Түркия мемлекеттерінің қарым-қатынасы әсер етпейді. Сондай-ақ, Сириядағы болған жағдайға да әсері болмайды», - деді ол.
Сондай-ақ, Ерлан Ыдырсов ендігі мәселе Сирия билігіне байланысты екендігін атап өтті. «Путин мен Ердоған бұл оқиға бойынша өз ойларын айтқан болатын. Владимир Путин Жапонияда пресс-конференцияда болған. Ол қайғылы жайт бойынша Ердоғанмен сөйлесті. Астана Сирияның позициясы бойынша екі раундтық кездесу өткізді. Олар Астананың келіссөз алаңы болатындығын айтқан болатын. Путин мен Ердоған біздің президентпен де сөйлесті. Яғни тараптар келіп, келіссөздер жүргізу бойынша. Путин мен Ердоған жағдайдың Сирияның қолға алатын реакциясына байланысты екендігін атап өтті. Ал Сириядағы оппозияның пікірі әр алуан. Ал ресми билік әлі шешім қабылдаған жоқ», - деп түйіндеді сөзін министр. Естеріңізде болса кеше Түркиядағы Ресей Елшісіне қастандық жасалып, Елші оқиға орнында қаза болған еді.