Жаңалықтар

Иорданиядағы қазақстандық туристерді сақ болуға шақырды

ашық дереккөзі

Иорданиядағы қазақстандық туристерді сақ болуға шақырды

Иорданияда жүрген қазақстандық туристерге адам көп жиналатын жерге бармай, сақтанып жүру және Иордания билігінің талаптарын орындау туралы кеңес беріп жатыр. Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаменті директоры Марат Игалиев Facebook әлеуметтік желісінде Иорданиядағы 10 адамның ажалына себепші болған шабуылдан кейін қазақстандық туристерді сақтанып жүруге шақырған пост жариялаған. Марат Игалиев Иорданияға туристік жолдама сататын операторларды өз клиенттеріне ол жақта қандай қауіп болуы мүмкін екені жайлы ескертуді сұраған. Иордания қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, орта ғасырдағы кресшілер жорығы кезінен сақталған ірі бекінісімен туристер арасында танымал әл-Карак қаласында жексенбі күні қарулы топтың полицияға шабуылынан кемінде 10 адам қаза болып, 27 адам жараланған. Мерт болғандар арасында бірнеше полиция қызметкері, екі бейбіт тұрғын және Канададан келген турист бар деп хабарланды.