Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағандар ұсталды

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағандар ұсталды

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағандар ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған екі адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолының Арал ауданы Шижаға ауылының тұсында Volkswagen автокөлігін тоқтатқан. Көлікте 49 жастағы көлік жүргізушісі мен жолаушы болған.
 «Тексеру барысында көліктен бір қапқа салынған шөп ұнтақтары тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 4 келіден астам кептірілген марихуана екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау жағдайы көрсетілген», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, екі күдікті Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.