Жаңалықтар

Алматы облысында автобус жол жиегіне шығып кетті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматы облысында автобус жол жиегіне шығып кетті (ВИДЕО)

3 шілде күні кешке Алматы – Жандосов – Бесмойнақ тас жолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Облыстық Полиция департаменті зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Алдын ала анықталғандай, жолдың 26-шақырымында Honda Accord автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ЛиАЗ маркалы автобусқа соғылған», – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі. Жүргізушілер мен жолаушылар зардап шеккен жоқ.