Министр зейнетақы мен жәрдемақының қашаннан бастап өсетінін хабарлады
Министр зейнетақы мен жәрдемақының қашаннан бастап өсетінін хабарлады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр Тамара Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақылардың қашаннан бастап өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір біз 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсіріп жатырмыз. 1 шілдеден тағы 11 пайызға өседі, жалпы жыл бойынша 20 пайыз болады. Жаңа туған сәби үшін берілетін жәрдемақылар 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 1 шілдеден 13 пайызға өседі. Жалпы 20 болады. Мұнда мәселе еңбек зейнетақысы жайлы. Базалық зейнетақы бойынша, өздеріңіз білесіздер, біз 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы тағайындау механизмін өзгертіп жатырмыз, ол ең төменгі күнкөріс шегі мен еңбек өтіліне байланысты болады", - деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысының үзілісінде.
Министр төлемдерге 90 миллиард теңге жұмсалатынын айтты. "Бізде 2 миллион адам зейнеткер және шамамен 300-400 мың бала бар", - деді министр Дүйсенова.
Еске салайық, 15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы мен бала босанған кезде берілетін жәрдемақыны өсіруді тапсырған болатын.