Бурабайда 19 жастағы жігіт таудан құлап, ауруханаға түсті

Бурабайда 19 жастағы жігіт таудан құлап, ауруханаға түсті

Бурабайда 19 жастағы жігіт таудан құлап, ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Бурабайда 19 жастағы астаналық таудан құлап, аяғын сындырып алды деп хабарлады turkystan.kz.   Оқыс оқиға бүгін сағат 16:47 шамасында «Туфелька» тауында болған.
«Тауға көтерілмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар – Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккен азаматты зембіл арқылы тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді», – деді ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.