Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

4 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында әскери мүліктер ұрланған деп хабарлады turkystan.kz. Ведомство мәліметінше, гарнизондарда шамамен 825 миллион теңгедей соманың заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдары ұрланған. Осыған байланысты сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды. Қазір прокуратура Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін, ондағы мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.