Австралияда су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды

Австралияда су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды

Австралияда су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Сидней маңындағы қалашықтардың мыңдаған тұрғыны толықтай эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz. Су тасқынына демалыс күндері жауған қатты нөсер  мен өзендегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған. Австралияның мемлекеттік метеорологиялық бюросы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өзге бөліктерінде де сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жел соғып, нөсер болатынын ескертті. Ел үкіметі Сиднейдің батыс бөлігіндегі Уоррагамба бөгеті су деңгейіне төтеп бере алмайды деп отыр. Төтенше жағдайлар қызметі соңғы тәулікте олардың қызметкерлері 100-ден астам құтқару операцияларын жүзеге асырып, 3 мыңнан астам адамға көмек көрсеткенін айтты. Австралияда соңғы уақытта жаһандық климаттық өзгерістер байқалады.