Жаңалықтар

Депутаттар Алматы облысындағы мектеп құрылысымен танысты

ашық дереккөзі

Депутаттар Алматы облысындағы мектеп құрылысымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мақпал Тажмағамбетова мен Жанна Тельпекбаева Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Іс-шара партияның сайлауалды жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. AMANAT партиясының өкілдері партияның жол картасында белгіленген міндеттерді уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алған. Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты 2023 жылдың қаңтар айы деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2 100 876 678.43 теңге.  Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары  50 пайызға аяқталған. «Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс деңгейін апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылап отыр. Сондай-ақ ғимарат келесі жылы  толығымен пайдалануға беріледі» -  деді мердігер  Бекзат Молдабеков. Құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды. «Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде  болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, барлық стандарттарға  сай болуын, яғни, құрал-жабдықтарға, зертханалардың  дұрыс орналасуына да бақылау қажет», - деді Мәжіліс депутаты Мақпал Мазаққызы.