Жолаушылар автобусы жардан құлап, 16 адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы жардан құлап, 16 адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы жардан құлап, 16 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Үндістанның солтүстігінде жолаушылар автобусы терең шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.    Оқиға Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы Куллу округінде болды. Ауыр зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, олар ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, автобуста 20-ға жуық жолаушы болған. Жол апатының нақты себебі белгісіз. Жалпы, Үндістанда көлікті абайсыз жүргізу, нашар жолдар және ескірген көліктердің салдарынан адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары жиі болады. Полицияның мәліметінше, жыл сайын Үндістанда жол-көлік оқиғаларынан 110 мыңнан астам адам көз жұмады.