Қанша адам вакцина салдырды?

Қанша адам вакцина салдырды?

Қанша адам вакцина салдырды?
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері бойынша, 3 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 526 717 адам салдырды деп хабарлады turkystan.kz.   Екпенің 2-ші компонентін 9 311 459 адам салдырды. Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының 1-дозасын 1 224 519 адам, ал 2-дозасын 1 154 127 адам салдырды. Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат: 1-компонентті алған жасөспірімдер – 867 514, жүкті әйелдер – 41 219, бала емізетін әйелдер – 144 878. Ал 2-компонентін салдырған жасөспірімдер – 841 538, жүкті әйелдер – 38 422, бала емізетін әйелдер – 138 270.