Темекі бермеген: Павлодарда ер адамды ұрған жасөспірімдер іздестірілуде

Темекі бермеген: Павлодарда ер адамды ұрған жасөспірімдер іздестірілуде

Темекі бермеген: Павлодарда ер адамды ұрған жасөспірімдер іздестірілуде
ашық дереккөзі
1 шілде күні 7-8 жасөспірім павлодарлық ер адамды темекі бермегені үшін қатты ұрып тастаған деп хабарлады tuyrkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға кешкі сағат 23:00-де Лермонтов, 120 және Дерибас, 22 көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған.
«Подъезде камера немесе видеотіркеуіші жұмыс істеген адамдарды хабарласуды сұраймын. Олар жазасыз қалмауы тиіс. Ертең кез келген адамға осылай жасауы мүмкін” деп жазады хаттың авторы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo.dar парақшасында.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз  қызметінде аталмыш факті  тіркелгенін хабарлады. 2022 жылы  2 шілде күні сағат 00.30-да 102 операторының пультіне Лермонтов көшесі,120 мекенжайы бойынша 36 жастағы ер адамды ұрып-соғу туралы қоңырау түскен.  Бұл жағдайға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.