Биыл үш облыста жоспар орындалмайды

Биыл үш облыста жоспар орындалмайды

Биыл үш облыста жоспар орындалмайды
ашық дереккөзі
Үкiмет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша IЖӨ өсiмiн 1 пайыз деңгейiнде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бар. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы түсiнiктi себептерге байланысты жоспарды толық орындамағанымен, басқа өңiрлердiң дамуында жақсы қарқын байқалады, деп хабарлайды BNews.kz. «Баяндамалардан байқағанымыздай, көрсеткiштер жақсы, оң қарқын байқалады. Алты айдың қорытындысы бойынша биылғы жылды 0,5 пайыз өсiммен аяқтасақ жақсы болар едi деген едiк. Бiрақ бүгiн бұл көрсеткiш 0,8 пайыз екенiн көрiп отырмыз. Ендi 2016 жылды 1 пайыз өсiм деңгейiнде қорытындылауға мүмкiндiк бар», - дедi Бақытжан Сағынтаев 11 айдағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған үкiмет отырысында.
Оның айтуынша, жалпы алғанда 11 айдың қорытындысы бойынша өңiрлердiң дамуында оң қарқын байқалып отыр. «Облыс әкiмдерiнiң есебi де осыған үмiт бередi. Бердiбек Сапарбаев 100 пайызға шығамыз дедi. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы қалады. Бiрақ бұл өңiрлерде қалыптасқан жағдайдың себептерi түсiнiктi. 100 пайызға шығуы екiталай. Дегенмен, жылдың басымен салыстырғанда бұл өңiрлерде де оң көрсеткiштер бар. Осы жұмысты жалғастыру қажет», - дедi ол. Үкiмет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлiнген қаражатты игеруге күш салу қажеттiгiн баса айтты. Сондай-ақ инфляцияны да бекiтiлген деңгейде ұстау керек. «Өткенде бiз инфляцияны 6-8 пайыз деңгейiнде ұстау қажеттiгiн айтқан болатынбыз. Он бiрiншi айда мұны бiз қамтамасыз ете алмадық. Тағы да өңiр әкiмдерiне желтоқсанда инфляция деңгейiн ұстап тұру қажеттiгiн ескертемiн», - дедi Б.Сағынтаев.